Құрметті Komek.center орталығының барлық ұжымына: Аман, Нұрдаулет, Аружан, Анелья және басқа да ұжымдағы қызметкерлерге өз отбасымыздың атынан АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіреміз. Өмірден өз жолдарынан адасқан, болашақтарынан үміт үзген қаншама адамдарға психологиялық көмек беріп, оларды қайтадан дұрыс өмір сүруге ықпал етіп жатырсыздар. Жасап жатқан игі істеріңізге тек береке берсін. Атқарып жатқан қиын да жауапты жұмыстарыңыз көптеген отбасыға қайта қалпына келуіне көмегін тигізуде⚘
Рахмет Сіздерге Азғантай уақытта інімнің біраз нәрсеге үйренгенін байқадым. Өзінің проблемасын мойындап, тек шындықты айтып, қиындыққа мойымай, онымен күресе білуге үйретіпсіздер. Сіздердің орталықтарыңыздың ұстанымы, бағыты.
Сіздердің көмектеріңізге жүгінгенімізге еш өкінбейміз. Дұрыс уақытта, дұрыс орталыққа барғанымызға қуанамыз⚘ Әрі қарай адамның тағдыры, болашағы өз қолында. Тек сіздерден үйренген тапсырмаларды естен шығармай, тура жолмен жүрсе болғаны. Тәуелді адаммен дұрыс қарым-қатынас жасау ү
АЙЗАДА