Туыстар бағдарламасы
ТӘУЕЛДІНІҢ ТУЫСҚАНДАРЫМЕН ЖҰМЫС
Тәуелділік – отбасылық дерт. Көмекке тәуелдінің өзі де, және оның жақындары да мұқтаж. Оңалту нәтижесі ұзақ уақытқа созылуы үшін тәуелділік проблемасын шешу қажет. Сол себепті «SANA MEN» моделі бойынша емдеу курсы тәуелділердің туысқандарымен жұмысқа басты назар аударады. Орталықта топтық сабақтар, лекциялар, біздің резиденттеріміздің жақын туысқандарына арналған семиналар өткізіледі. Біз отбасының барлық мүшелеріне жүйелі тұрғыдан кәсіби көмек көрсетеміз.
ОТБАСЫ- БҰЛ АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТТЕСУ ЖҮЙЕСІ
Отбасының бір мүшесінің тәуелділік дертіне шалдығуы жүйенің барлық мүшелеріне теріс әсерін тигізеді. Сол себепті мамандар химиялық тәуелділікке адамның биологиялық, психикалық, әлеуметтік және рухани аспектілерін қатты әсер ететін отбасылық дерт ретінде қарайды.
Адам тәуелді болған кезде отбасы оның дертінің ушығуына себепші болуы немесе жақынының өзгеруі жолындағы басты құрал бола алады. Сондықтан, көп жағдайда жақын туысқаныңыздың емделуі қаншалықты табысты болуы және орталықтан шыққаннан кейін рецидивтерсіз, тазалықта, сау өмірді жалғастыратыны дәл сіздің қолдауыңызға және қатысуыңызға байланысты.
Қоса тәуелділер өз өмірін ойламай басқа адамның өмірімен өмір сүріп, бар күш-жігерін оның іс-әрекеттерін басқаруға жұмсайды. Осылайша, бүкіл отбасылық жүйе дертке шалдығады, оның бір бөлігі оның басқа бөлігін қолдау үшін өзінің мүддесін ысырып қойып, ендігі өмірін оны өзгертуге жұмсайды, мұның барлығы ешбір мағынасы жоқ, қажетсіз әрекеттер, ал отбасылық проблема тек ушыға түседі.
Өміріңіздің сапасын тек өзіңізді түбегейлі өзгерту арқылы ғана жақсарта аласыз. Отбасы мүшесінің біреуінің сауығуы оның айналасындағылардың өмірін, бүкіл жүйенің өзгеруіне әкеледі.
Маскүнем ішімдікке тәуелді, нашақор – есірткіге тәуелді, ойынқұмар- казиноға тәуелді, ал ата-ана, туысқандар маскүнемнің, нашақордың, ойынқұмардың өзіне тәуелді.
БІЗДІҢ МАМАНДАР
Бізде өз саласында сертикаттаудан өткен, жоғары коммуникациялық және кәсіби дағдыларды меңгерген мамандар қызмет етеді.ГАЛЕРЕЯ
ХИМИЯЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІКТЕН АРЫЛУ – БҰЛ ҰЗАҚ, ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК ЕТУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ПРОЦЕСС
ол тәуелдінің өзінің, оның отбасы мен дәрігер мамандардың тарапынан барынша күш-жігерді талап етеді. Біз оны шешу жолдарын білеміз, алайда біз сіз үшін жауапкершілік ала алмаймыз, сіздің жаңа, маңызды өмірлік тәжірибеңіз тек өз қолыңызда, біз тек ұсынымдар беріп, осы ұзақ та қиын жолда бағыт-бағдар көрсетуге әзірміз.
ПІКІРЛЕР
АЛИШЕР
ГУЛЬЖАН
ДИНАРА
ҚОСЫМША ҚАРАҢЫЗ
Sanamen Komek – Оңалту орталығы
Толығырақ
Детоксикация - Sanamen Komek
Толығырақ
Маскүнемдікті емдеу - Sanamen Komek
Толығырақ
Ойынқұмарлықты емдеу - Sanamen Komek
Толығырақ
Тәуелдінің туыстарына арналған бағдарлама
Толығырақ
Амбулаториялық бағдарлама - Sanamen Komek
Толығырақ
Есірткіге тәуелділік - Sanamen Komek
Толығырақ
ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ
// Біз емдеу курсынан барынша тиімді және сапалы өтуге көмек береміз, өмірден өз орныңызды тауып, отбасыңызда және қоғамда салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырамыз. Біз заманауи емдеу әдістері мен құралдарын пайдаланамыз.