Ойынқұмарлықты емдеу
ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛІК – ЗАМАНАУИ ҚОҒАМНЫҢ ДЕРТІ
Құмар ойындар мен компьютер ойындарына патологиялық құмарлыққа негізделгенОйынқұмарлықтың құрбандары кез келген жастағы және әлеуметтік мәртебесі әртүрлі адамдар болулары мүмкін.
Олар өздерінің тәуелділіктерін өте сирек мойындайды, ойынға құмарлығын олар тек әуестік деп қарайды және одан оңай бас тарта аламыз деп санайды
Ойынқұмарлар 98% жағдайда өздерінің тәуелділігін жете түсінбейді. Олар кез келген сәтте тоқтай аламын, букмекерлік контораларда ставкалар қоюдан бас тарта аламын, казиноға бармаймын, басқа да құмар ойындарды ойнамаймын деп өздерін сендіреді. Өз бетіңізше емделумен айналыспаңыз – біз сіздің проблемаңызды кәсіби тұрғыдан шешеміз және салауатты өмірге оралуға көмектесеміз.
Ойынға құмарлық көп жағдайда ойын автоматтары залдарында, казиноларда, букмекерлік конторалард, сондай-ақ, желілердегі онлайн-ұрыс-соғыс ойнау кезінде қалыптасады. Мұндай құмарлыққа жеңіл ақша табу, өзінің артықшылығын көрсету және т.с.с. себептер түрткі болуы мүмкін. Мұндай құмарлықтың себептерін психотерапевт маман пациентті қарап, зерттегеннен кейін анықтайды. Ойынқұмарлықтың себептерін анықтап, тоқтатпаған жағдайда тәуелділікпен күресудің мағынасы жоқ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 72-ші сессиясында «ойын құмарлықты» ауру деп санауға шешім қабылдады. Бұл үшін 194 қатысушы дауыс берді. Жаңа ауру түрі денсаулыққа байланысты аурулар мен проблемалардың Халықаралық статистикалық жіктеушісіне енгізілді (МКБ -11).
Ойынқұмарлықты емдеу кешенді және үздіксіз процесс болуға тиіс
Емдеу процесіне аддиктология саласының мамандары қатысады. Сауығу ұзақтығы ойынға тәуелділік кезеңіне тікелей байланысты. Аурудың дамуы сияқты, емдеу де бірнеше кезеңдерден - фазалардан өтеді:Ушығу кезеңі.
Бұл кезеңде пациент айқын абстиненция жағдайында болады, бірақ емдеу процесінде оның белгілері біртіндеп басылады - ұйқы, көңіл-күй және т. б. қалыпқа келеді.
Қалпына келу кезеңі.
Науқас жақын адамдарымен қарым-қатынас жасай бастайды, қоғамға кірігіп, отбасы мен мамандығына оралады. Оның психоэмоционалдық көңіл-күйі тұрақтанады.
Өсу кезеңі.
Бұл кезеңде ойындарға деген патологиялық құмарлықтың баяу, бірақтұрақты төмендеуі байқалады. Санасы оянып, өмірлік құндылықтарға байсалды көзқарасы қалыптасады.
Ойынқұмарлықтан сауығу қатарынан бірнеше сатылардан өтуіне байланысты, оны емдеу де жеке фазаларға бөлінеді
Бүгінгі таңда аурудың әр кезеңінде белгілі бір әдістерді ұсынатын төрт сатылы терапия жүйесі жиі қолданылады. Оларға толығырақ тоқталып өтелік:Бастапқы аддиктологиялық қолдау.
Тәуелділік проблемаларымен айналысатын мамандар пациентке және оның жақындарына психикалық бұзылушылықтардың сипаты мен ойынқұмарлықтың себептерін нақтылай отырып, кеңес береді. Бұл сатыдағы мақсат – ойынқұмардың санасында ауруды ерікті түрде жеңуге мотивация қалыптастыру. Күрделі жағдайларда, абстиненция кезеңіне тән пациенттің психикалық бұзылушылықтарын тоқтататын дәрі-дәрмектер қолданылады.
Медициналық-әлеуметтік оңалту.
Оңалтудың оңтайлы режимін - амбулаториялық немесе стационар жағдайында таңдауға негізделген. Бұл сатыдағы мақсат - жеке және топтық түрде когнитивті-мінез-құлық, иландыру, ұтымды психотерапия арқылы ойынға деген құштарлықты азайту. Қажет болған жағдайда психотерапияға жүйке жүйесін және ағзаны қалыпқа келтіретін дәрі-дәрмектер қосылады.
Әлеуметтік-психологиялық оңалту.
Кезеңнің мақсаты – ойынқұмарды өз тәуелділігін бақылау дағдыларына үйрету, оны туыстарымен қарым-қатынасты қалпына келтіруге және қордаланған әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру. Осы кезде емдеу процесіне науқастың жақындары тартылады. Нәтижеге қол жеткізу үшін отбасылық психотерапия, психикалық денсаулықты тұрақтандыру бойынша тренингтер және әлеуметтік көмек қолданылады.
СІЗ ӨЗ ТУЫСҚАНЫҢЫЗДЫҢ ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ӘУЕСТІГІН, БАРЛЫҚ УАҚЫТЫН БУКМЕКЕРЛІК КОНТОРАЛАРДА ӨТКІЗЕТІНІН ЖӘНЕ БҰЛ ТӘУЕЛДІЛІККЕ АЙНАЛҒАНЫН БАЙҚАДЫҢЫЗ БА?
Проблеманы кейінге қалдырмаңыз, емделуді бүгін бастаңыз!ҚОСЫМША ҚАРАҢЫЗ
Sanamen Komek – Оңалту орталығы
Толығырақ
Детоксикация - Sanamen Komek
Толығырақ
Маскүнемдікті емдеу - Sanamen Komek
Толығырақ
Ойынқұмарлықты емдеу - Sanamen Komek
Толығырақ
Тәуелдінің туыстарына арналған бағдарлама
Толығырақ
Амбулаториялық бағдарлама - Sanamen Komek
Толығырақ
Есірткіге тәуелділік - Sanamen Komek
Толығырақ
ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ
// Біз емдеу курсынан барынша тиімді және сапалы өтуге көмек береміз, өмірден өз орныңызды тауып, отбасыңызда және қоғамда салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырамыз. Біз заманауи емдеу әдістері мен құралдарын пайдаланамыз.