г. Астана

​улица Жанибека Тархана, 17

Телефон:
+7 777 874 98 88
+7 771 103 60 00
+7 777 533 16 70

г. Шымкент

Алматинская трасса, 19/2

Телефон:
+7 777 533 16 72

Амублаториялық бағдарлама

Tәуелділіктер
eмдеу

Ойынқумарлық/iшімдікке тәуелділік/нашақорлық

Тәуелді адам оңалту орталығынан шыққан кезде ол күнделікті өмірге, қиындықтар мен қуаныштарға, сондай-ақ күйзелістері мен стресстерге толы, әдеттегі әлемге кіреді.

Бағдарламадан өтіп, ендігі ғұмырын салауатты өмірмен байланыстырған тәуелді адам үшін жақын адамдарымен жаңадан қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, бос уақытын басқаша өткізу және жалпы қоғаммен қарым-қатынас жасау қиынға соғады.

Басқалар үшін күнделікті тіршілік сауығу жолындағы тәуелді адам үшін қиын және жаңа болып көрінеді, себебі ұзақ жылдар бойы ол үшін шешімді оның ауруы қабылдады. Оңалту орталығында пациент сауығуына қатер төнгізетін қауіпті жағдайларды көруді, көмек сұрауды, өмірінде жаңа нәрселерді жасауды үйренді. Ендігі жерде ол күнделікті мәселелерді шешу, осы тазалықтағы өмірін сақтау, адамдармен қарым-қатынас орнатуды үйрену үшін әлі де көмек қажет екенін түсінеді.

Мұндай көмекті қайдан табуға болады?

Ол үшін амбулаториялық бағдарлама бар. Оңалту орталығынан шыққаннан кейін біз пациенттерімізді тастамаймыз. Күнделікті өмірге, өз міндеттеріне оралған тәуелді адамның амбулаториялық бағдарлама барысында психологтар және консультанттармен қарым-қатынасы оңалтуды жалғастыруға мүмкіндік береді, бұл пациенттің өмірге бейімделуін жеңілдетеді.

Амбулаториялық бағдарлама дегеніміз не?
Ол сауығу жолындағы тәуелдіге не береді?
Негізгі мақсат – тәуелді адамға бұдан кейінгі жаңа өмірінде тәуелділікке әкелген заттарды қолданбай, бейімделуге көмектесу. Пациенттер біртіндеп барлық қуаныштар мен қиындықтарға, күрделі жағдайларға толы өмір сүруді үйренеді. Мамандар сауығу жолындағы тәуелдіге оңалту орталығында алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға көмектеседі. Тәуелді өзін қоршаған адамдармен жаңа қарым-қатынас жасауға, ата-анасы және туысқандарымен қарым-қатынас орнатуға, амбулаториялық бағдарламадағы кәсіби мамандардың және өзі сияқты жолдастарының қолдауын көріп, өмір сүру сапасын жақсартуға тырысады.

Әрбір тәуелді адам үшін амбулаториялық бағдарламада жеке жұмыс жоспары жасалады. Бұл бағдарлама оңалту орталығында емделуден өткен, және сауығуды жалғастыру қажет екенін түсінетін, ендігі жерде психоактивті заттарсыз өмір сүре білу және өмірден ләззат алудың жаңа жолдарын іздеуде көмекке мұқтаж пациенттер үшін арнайы әзірленген. Мамандармен және топтық сабақтармен жұмыс барысында пациенттер күнделікті өмірде өздерін сенімді сезіне бастайды, стрессті жеңуді үйренеді, өздерінің күшті және әлсіз жақтарын біледі. Кәдімгі өмірде немесе топтық сабақтарда пайда болатын қорқыныш, ашу, өзін кінәлау сияқты сезімдермен жұмыс істей отырып, пациент мұндай сезімдерден арылады, өзін-өзі қабылдауға және психоактивті заттарды қолданбай, шынайы өмір сүруге үйренеді. Әрине, бұл оңай емес, сондықтан сауығу жолындағы тәуелдіге өзі сияқтылардың қолдауы, сондай-ақ мамандардың көмегі өте маңызды. Осылайша, адам өз проблемаларының шешімін алкогольден, есірткіден, ойыннан іздемей, мамандардың басшылығымен өзі сияқты достарының ортасында табады.

Маманмен жеке кездесулер кезінде тәуелдінің өзін-өзі бағалауымен, балалық шақтан созылып келе жатқан немесе осындай тәуелділікке әкелген жан жарақаттарымен жұмыс жүргізіледі, қажет болған жағдайда затқа құмарлыққа әкелетін күйзелістік жағдай пысықталады.

Топтық психотерапия процесінде пациенттер басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуды үйренеді, өз мінез-құлқындағы тәуелділіктің көріністерін талдайды.

Амбулаториялық бағдарламадан өткеннен кейін пациент өзі душар болған ауруы жөнінде көп мағлұмат алады, алған білімі болашақта затты қолданудың алдын алуға көмектеседі, ол өзінің қалыпты, салауатты өміріне қайта оралады, адамдармен қарым-қатынас жасауды, проблемаларды шешуді, стрессті жеңуді үйренеді. Адам біртіндеп сау өмір сүруден қорықпайтын, өзі үшін жауапкершілік алатын, нақты мақсаттар қойып, оларға қол жеткізе алатын дәрежеге жетеді. Сауығуға бет бұрған тәуелді адам бұдан былай өзін ойлап, өзіне қамқорлық жасайтын болады, жақын адамдарымен бірге болып, күнделікті міндеттерін орындайды, осылайша ол біртіндеп күнделікті өмірдің тыныс-тіршілігінен ляззат алады.

Сауығу – бұл процесс. Тәуелді адамның өзінің салауатты, алкогольсіз, ойынсыз және есірткісіз өмірге бет бұру жолының барлық кезеңдерінде көмек алуы маңызды. Сол себепті, біз оңалту орталығынан шыққаннан кейін өз пациенттерімізге амбулаториялық бағдарламадан өтуді ұсынамыз.

БІЗДІҢ МАМАНДАР

Бізде өз саласында сертикаттаудан өткен, жоғары коммуникациялық және кәсіби дағдыларды меңгерген мамандар қызмет етеді.
Ассалау Даурен
Ассалау Даурен
амбулаториялық бағдарламаның жетекшісі
Алина Сугаипова
Алина Сугаипова
клиникалық психолог

ПАЦИЕНТТІҢ ТАРИХЫ

ҚОСЫМША ҚАРАҢЫЗ

Sanamen Komek – Оңалту орталығы
Sanamen Komek – Оңалту орталығы
Оңалту орталығы
Толығырақ
Детоксикация - Sanamen Komek
Детоксикация - Sanamen Komek
«Ломкадан» құтқарамыз, уытты заттардың қалдықтарын шығарамыз, ағзаны тазартамыз және қалпына келтіреміз.
Толығырақ
Маскүнемдікті емдеу - Sanamen Komek
Маскүнемдікті емдеу - Sanamen Komek
Жылдан жылға спирттік өнімдерге патологиялық құмар адамдардың саны арта түсуде.
Толығырақ
Ойынқұмарлықты емдеу - Sanamen Komek
Ойынқұмарлықты емдеу - Sanamen Komek
Ойынқұмарлықтың салдарынан жан-күйзелісінен шығарып, шынайы әлемге оралуға көмектесеміз.
Толығырақ
Тәуелдінің туыстарына арналған бағдарлама
Тәуелдінің туыстарына арналған бағдарлама
Тәуелділік – отбасылық дерт. Көмекке тәуелдінің өзі де, және оның туысқандары да бірдей мұқтаж.
Толығырақ
Амбулаториялық бағдарлама - Sanamen Komek
Амбулаториялық бағдарлама - Sanamen Komek
Негізгі мақсат - тәуелді адамға бұдан кейінгі жаңа өмірінде тәуелділікке әкелген заттарды қолданбай, бейімделуге көмектесу.
Толығырақ
Есірткіге тәуелділік - Sanamen Komek
Есірткіге тәуелділік - Sanamen Komek
Есірткіге тәуелділіктің кез келген түрінен емхана жағдайында кәсіби мамандардың бақылауымен емдейміз
Толығырақ

ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

// Біз емдеу курсынан барынша тиімді және сапалы өтуге көмек береміз, өмірден өз орныңызды тауып, отбасыңызда және қоғамда салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырамыз. Біз заманауи емдеу әдістері мен құралдарын пайдаланамыз.

    Тегін кеңес алу үшін жазылыңыз

    Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз сізге мүмкіндігінше тезірек хабарласамыз