ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ
Тәуелділердің өмірі бір салым есірткіге құмарлықты жеңе алмай, тозаққа айналады.
Есірткіге тәуелді адамдар өмірлік қиын жағдайлардан өз беттерінше шыға алмайды. Сондықтан, кез келген оңалту бағдарламасының мақсаты - ең алдымен нашақордың санасына есірткі ешқашан оның проблемаларын шешпейтінін жеткізу. Есірткі оны тек ушықтырып, күннен күнге жаңа қиыншылықтар туғызады. Тәуелдінің түс келбеті мен денсаулығы күннен күнге нашарлап, сыртқы ортамен байланыс үзіліп, жағдайды бағалау қабілеті жоғалады, жақындарымен, дос-жарандарымен қарым-қатынасы нашарлайды. Бұл тек проблемалардың басы ғана. Есірткіге құмарлықтың себебін анықтайтын кәсіби мамандарға уақытында жүгінсеңіз, бәрін түзетуге болады. Дәрігерлерде клиент туралы толық мағлұмат қалыптасқаннан кейін, жеке оңалту бағдарламасы әзірленеді.
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Komek center» орталықтарында тәуелді науқастарды оңалту
Сауығуға әкелетін жол -
– бұл физикалық тұрғыдан қалыпқа келу, психологиялық көмек, әлеуметтік бейімделу және рухани өсу іс шараларының үйлесімі. Мұндай түбегейлі өзгеріс көп уақытты қажет етеді, алайда оның нәтижелері науқастың өзінің және оның туыстары артқан үмітті ақтайды.
Проблеманы кешенді тұрғыдан шешу және оған барлық – физикалық, психологиялық, әлеуметтік және рухани деңгейлерде әсер ету.
Тәуелділіктің ауырлығын, тұлғаның өмірлік тәжірибесін және ерекшелігін ескере отырып, жеке оңалту курсы
Науқастармен жұмыстың заманауи әдістемелері, «12 қадам» бағдарламасының элементтерін қолдану, Терапевтикалық қоғамдастық моделі және Миннесот моделі
Оңалтудың бүкіл кезеңі ішінде жабық аумақта, жайлы коттедждерде өмір сүруге қолайлы жағдайлар
Біздің әрбір пациентіміз қатаң күн тәртібін сақтайды.
Ас қабылдау және ұйқы режимін сақтайды. Осылайша, оның бойында біртіндеп салауатты дағдылар, жауапкершілік және өзіне деген сенімділік қалыптасады. Топтық сабақтар коммуникативтік дағдыларды жақсартуға, тәуелділікке әкелген себептерді түсінуге және кез келген проблемаларды
психоактивті заттарды қолданбай немесе ойынқұмарлыққа салынбай шешуге үйретеді.
Біздің бағдарламамыздың басты артықшылықтары:
БІЗДІҢ МАМАНДАР
Бізде өз саласында сертикаттаудан өткен, жоғары коммуникациялық және кәсіби дағдыларды меңгерген мамандар қызмет етеді.
ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ
Біз емдеу курсынан барынша тиімді және сапалы өтуге көмек береміз, өмірден өз орныңызды тауып, отбасыңызда және қоғамда салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырамыз. Біз заманауи емдеу әдістері мен құралдарын пайдаланамыз.