МАСКҮНЕМДІКТІ ЕМДЕУ
Жылдан жылға спирттік өнімдерге патологиялық құмар адамдардың саны арта түсуде
Маскүнемдік – прогрессивті дамумен сипатталатын ауыр, созылмалы ауру болып табылады. Егер аурудың дамуының бірінші кезеңінде науқас алкогольдік ішімдіктерден өз бетінше бас тарта алса, екінші және үшінші кезеңдерде оған білікті медициналық көмек қажет.
Маскүнемдікті емдеу – бұл алкоголь өнімдеріне құмарлықты төмендетуге, науқастың санасында алкоголь ішімдіктерін тұтынуды бақылауда ұстау мүмкін емес деген түсінік қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені. Ол тәуелділіктің салдарынан уланып, бұрмаланған сана-сезімді қайта орнына келтіруді және адамның қоғамға бейімделуін ұйғарады.
Бастапқы кезеңде маскүнемдік дертіне шалдыққан адам өз проблемасын мойындамайды. Ол өзін бақылауда ұстай алатынына сенімді болады. Тәуелді адамның жақындары бұл кезеңде оған көмек көрсетуге тырысады - арнайы медициналық дәрі-дәрмектер қолданады, халық емшілеріне жүгінеді. Мұндай емдеу әдістерінің барлығы тиімсіз, ол қысқа уақыт аралығына ғана нәтиже береді. Уақыт өте келе маскүнемдік дерті қайтадан ушыға түседі.
Маскүнемдікті емдеуді тек кәсіби мамандарға сеніп тапсырыңыз
Халық арасында тәуелділіктің күннен күнге арта түсуі нарколог мамандарды жаңа емдеу әдістерін іздеуге және оңалту бағдарламаларының неғұрлым тиімді түрлерін әзірлеуге мәжбүрлейді. Бұл ретте, ішімдікке тәуелділікті емдеу бағдарламасының ұзақ және күрделі процесс екендігін түсіну маңызды — тәуелділікті бір реттік ине салу немесе үй жағдайында ем-дом шараларын қолданумен жоюға болмайтынын түсіну қажет.
Маскүнемдікті емдеу кезінде «Komek center» орталығының мамандары мынадай схеманы қолданады:
Салынып ішуден шығару. (қажеттілігіне қарай жүргізіледі). Емдік іс-шара ағзаның жағдайын бір қалыпқа келтіру үшін қажет.
Детоксикация. Ағзаны улы заттардан (алкогольдің ыдырау өнімдерінен) тазартады. Ол ағзаны тазартатын дәрі-дәрмектерді тамшылатып құю және қалпына келтіретін дәрілерді қолдануды көздейді.
Оңалту. Бұл кезеңде резидент оңалту орталығының аумағында мамандар әзірлеген жеке жоспар бойынша терапиядан өтеді.
Қайта әлеуметтену. Резидент ескі әдеттерінсіз және алкогольсіз өмір сүруді үйренеді.
Оңалту орталығында емдеу маскүнемдікке тәуелділіктің кез-келген түрі жағдайында ұсынылады.
  • Мотивация - орталықтың тәлімгерлері науқастың санасымен жұмыс істейді, яғни аурудың санасында дертке қарсы күресу үшін қажетті ұстанымдар қалыптастырады.
  • Тиімді әдістемелер – орталық мамандары тек оң нәтиже көрсеткен, терапияның практикада дәлелденген бағдарламаларын ғана қолданады. Емдеу курсы әрбір науқас үшін жеке әзірленеді.
  • Психологиялық қолдау - резидент жеке және топтық сабақтарға қатысады, психологпен жұмыс істейді, арт-терапияға уақыт бөледі. Осылайша, мамандар тәуелділіктің себебін анықтап, тез арада оны жоюға көшеді.
  • Сапалы медициналық көмек – тәуелдінің отбасына өз жақынының денсаулығы жөнінде алаңдамауына болады. Орталық аумағында тәулік бойы дәрігерлер мен медицина қызметкерлері кезекшілік етеді. Науқастың денсаулығы нашарлаған жағдайда оған қажетті көмек көрсетіледі.
  • Оқшаулау - емделуші бүкіл емдеу курсы мерзімінде жабық аумақта тұрады. Бұл терапияны тоқтату және бұзу мүмкіндігін жояды.
Мамандар мынадай себептер бойынша кәсіби көмектен бас тартпауды ұсынады:
Проблеманы кейінге қалдырмаңыз, емдеуді бүгін бастаңыз!
СІЗ ЖАҚЫН ТУЫСЫҢЫЗДЫҢ ІШІМДІККЕ ӘУЕСТЕНГЕНІН ЖӘНЕ БҰЛ ТӘУЕЛДІЛІККЕ АЙНАЛҒАНЫН БАЙҚАДЫҢЫЗ БА?
ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ
Біз емдеу курсынан барынша тиімді және сапалы өтуге көмек береміз, өмірден өз орныңызды тауып, отбасыңызда және қоғамда салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырамыз. Біз заманауи емдеу әдістері мен құралдарын пайдаланамыз.
ҚОСЫМША ҚАРАҢЫЗ